САЙРАМНЫҢ ЖАС ПАЛУАНДАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАРЫСТА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Дереккөз: Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында 2014- 2015 және 2016- 2017 жылы туған балалар арасында қазақ күресінен «Спорт — денсаулық, есірткі — зұлым» атты ашық біріншілік ұйымдастырылды. Дода жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортты дамыту және жас палуандардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.

Жарысқа қатысқан «Сайрам ұлттық спорт клубы» КММ-нің спортшылары аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, М. Кадирметов 32 кг салмақта 1-орын иеленсе, Б. Нурбек 46 кг салмақта 2- орынға табан тіреді. Ал Қанатбаев М.Бирликов Д. және Марупжанов А. өз салмақ дәрежелерінде 3- орыннан көрінді.

Жас палуандардың бұл жетістігі — тұрақты дайындық пен еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да сайрамдық спортшылардың биік белестерді бағындыратынына сенім мол.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАНАМА

Redaktor Arysinfo

Автоматпен аялдамаға келген әйел айыппұл арқалады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР БИЫЛ 1300-ГЕ ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo