ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЫҒАЮЫН АТАП ӨТТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылғанын еске салды. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

Қазіргі таңда шамамен 14 мың қазақстандық Түркияда білім алса, ал 260-қа жуық түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып жатыр.
Сондай-ақ жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университет жанынан Түркияның Гази университеті филиалы өз жұмысын бастағаны хабарланды.

Президент туризм саласында да түрік компанияларының Қазақстан өңірлерінде табысты қызмет етіп жатқанын айтып, бұл бағытта әлі де зор мүмкіндіктер бар екенін жеткізді және түрік серіктестерін инвестиция мен тәжірибе алмасуға шақырды.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық та дамып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ірі фармацевтикалық компаниялары – Abdi İbrahim және Nobel Қазақстанда өндіріс желілерін іске қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар жақын уақытта Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ТЕКСЕРІС ОРТАЛЫҚ БАЗАРДА ЖАЛҒАСТЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті

Түркістанда тал егілген күн: руханият пен жауапкершілік тоғысқан сәт