ШЫМКЕНТТЕ 50 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл жолы тұрғын үй кезегінде тұрған 50 азамат жаңа пәтерге ие болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерден берілді. Баспаналар мемлекеттік бағдарламалар және Отбасы банкі арқылы жүзеге асырылатын жеңілдетілген несиелеу тетіктері негізінде ұсынылды.

Қоныс иелері «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан іріктелді.

Тұрғын үйлерді бөлу кезінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға басымдық берілді. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджет саласының қызметкерлері баспанамен қамтылды.

Жаңа үйлер заманауи құрылыс талаптарына сай салынып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұндай жобалар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, тұрғын үй қорын ұлғайтуға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 51 СПОРТ НЫСАНЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo