Арыстағы 90 пәтерлі үйдің тұрғындары ауланы абаттандыруды дәстүрге айналдырған

Арыстағы 90 пәтерлі үйдің тұрғындары ауланы абаттандыруды дәстүрге айналдырған

Арыс қаласының орталығындағы Әбдіразақов көшесі, №49 үйдің тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өз аулаларын күтіп ұстауды тұрақты дәстүрге айналдырған. Бес қабатты, 90 пәтерлі үйде тұратын азаматтар ортақ іске жұмылып, кіреберістер мен аула аумағын ретке келтіріп келеді.

Тұрғындар үйдің кіреберістерін жаңартып, есік пен қабырғаларды сырлап, баспалдақ алаңдарын әсемдеген. Түрлі түске боялған жаңартылған кіреберістер үй тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастырып отыр.

Үй маңындағы аула да тұрғындардың ерекше назарында. Олар көктемде жас көшеттер отырғызып, бүгінде бой алып келе жатқан ағаштарды тұрақты суарып, күтіп-баптайды. Бұл жұмыстар аумақты көгалдандырып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетеді.

Абаттандыру бастамасына ұйытқы болып жүрген үй төрайымы Наталья Соловьева жастарды осындай қоғамдық жұмыстарға тартудың маңызы зор екенін айтты. Оның сөзінше, туған жер мен өз үйінің айналасын таза ұстау – ортақ жауапкершілік.

№49 үй тұрғындарының бұл бастамасы бір реттік шарамен шектелмейді. Олар жыл сайын үй аумағын жаңартып, көркейтуге күш салады. Былтыр Арыста өткен «Үлгілі үй» байқауында «Үлгілі аула» номинациясын иеленген тұрғындар биыл да байқауға қатысуды жоспарлап отыр.

Бір ауладағы ортақ еңбек тұрғындар арасындағы өзара ынтымақтастықты да күшейтіп келеді. Абаттандырылған аула балаларға ойнауға қолайлы орта қалыптастырып, көпқабатты үйдің жалпы келбетіне көрік қосып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

СЫРДАРИЯ ЖАҒАСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Redaktor Arysinfo

АРЫС: МОНТАЙТАС АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Redaktor Arysinfo

Экологтар биылғы жаздан қауіптеніп отыр