ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтарының арбауына түспеу үшін арнайы ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАЛАПТЫ ОРЫНДАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Redaktor Arysinfo

Трамп ядролық қарудан бас тартуға шақырды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 2025 жылдың І жартыжылдығында өзіндік кірістер көлемі артқан