№10 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ТУКАЛОВ ОЛЖАС БЕКБАЙҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ 

Тукалов Олжас Бекбайұлы, 1988 жылы 17 желтоқсан  күні  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.

2006 жылы Арыс қаласында орналасқан С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектепті тәмамдаған.

2007–2012 жылдары Шымкент қаласындағы Академиялық инновациялық университетінде білім алып, экономика мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2024 жылы «KAZAKH REAL STROI!» мекемесінің директоры қызметінен бастаған. Қазіргі таңда аталған мекемені басқарып, оның дамуына, жұмыс сапасын арттыруға және алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосып келеді.

2025 жылы «KAZAKH REAL STOI!» мекемесі Арыс қаласының үздік мекемесі атанды. Бұл жетістік – ұжымның бірлескен еңбегі мен кәсіби жауапкершілігінің нәтижесі.

Отбасылы, бес баланың әкесі.

Өмірлік ұстанымы – адал еңбек ету, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, ел игілігі жолында қызмет ету және алға қойған мақсаттарға табандылықпен жету.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

  1. «СЫРДАРИЯ» ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ ЗАЛЫН САЛУ

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін «Сырдария» шағын ауданында заманауи спорт зал салу мәселесін көтеру.

  1. «СЫРДАРИЯ» ШАҒЫН АУДАНЫН ТҮНГІ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТУ

Көшені жарықтандыру жүйесін жүргізуге қажетті жұмыстарды жоспарлап, қаржыландыру мәселесіне ықпал ету.  Бұл тұрғындардың, әсіресе балалар мен қарттардың кешкі уақытта қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік береді.

  1. БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ МЕН АУЛАЛАРДЫ ЖАҚСАРТУ

Тұрғындар сұранысына сәйкес балалар ойын алаңдарын жаңарту және жаңа ойын алаңдарын салу, тұрғындардың демалуына арналған шағын қоғамдық орындарды абаттандыруға ықпал ету. 

  1. ТАЗАЛЫҚ ПЕН САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ

Қоқыс жәшіктері мен контейнер алаңдарының жеткілікті болуын қамтамасыз ету мәселесін көтеру, саябақтар мен скверлердегі орындықтар, жарықшамдар және өзге де инфрақұрылым нысандарының күтіміне көңіл бөлу.

  1. КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

Тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін ауызсу, кәріз жүйесі, электр желілері және басқа да коммуналдық мәселелерді назардан тыс қалдырмай, оң шешілуіне ықпал ету.

  1. ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АШЫҚ ЖҰМЫС

№10 сайлау округінің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу, тұрғындардан түскен өтініштер мен ұсыныстарды жүйелеп, оларды мәслихат отырыстарында көтеру, қажетті жобалар мен жұмыстардың жергілікті бюджетке қарастырылуына ұсыныс енгізу.

 

Жарияланым ақысы №10 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Тукалов Олжас Бекбайұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді. 


Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады

САНАЛЫ МЕН ҚАРАЖАНТАҚ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ҚАЛА БАСШЫСЫ КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo