Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 8,9,10 сәуір күндері Түркістан облысының халық тығыз орналасқан Жетісай, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау облыстарынан келген ірі жұмыс берушілер тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, ақпарат береді.

Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар аталған өңірлерде тегін баспанамен қамтылады. Іс-шарада еліміздің 7 өңірі Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ.

Айта кетейік, өңіраралық іс-шара еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда заңсыз салынған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды

berdaly_oraz

Мектеп асханаларында фастфуд пен кофеге тыйым салынды: жаңа тамақтану стандарттары енгізіледі

berdaly_oraz

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

Пікір жазу