Өңір жаңалықтары: Сауранда агросекторда егістік алқаптары ұлғайып, жаңа технологиялар енгізілуде

Өткен жылы Сауран ауданында  ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамып, егістік алқаптарында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша 43,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның нәтижесінде 873,3 тонна өнім өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділік 105,3%-ға артты. Бұл жетістік саладағы өсімнің айқын көрсеткіші болып саналады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Биыл  аталған көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында 44,2 мың гектар жерге егістік дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, егістік алқаптары толықтай дайындалып, көктемгі егіс науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5685,3 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Сонымен қатар 1,2 гектар жерге жылыжай өнімдері отырғызылды. Жаңа техникалар кеңінен қолданылып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Жаңбырлатып және тамшылатып суғару әдістерінің көлемі артып, алқаптарды суарудың тиімділігі артуда.

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тірегі. Осыған орай, егістік алқаптарын ұлғайту, өнімділікті арттыру және агротехнологияларды жетілдіру бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Аграрлық сектордың даму қарқыны жоғары, алдағы уақытта одан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының экономикалық әлеуеті жоғары

berdaly_oraz

Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

Пікір жазу