Арыста сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған меморандум жасалды

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының тапсырмасына сәйкес, Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қаладағы колледждермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған меморандум қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға, жас мамандардың даярлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың өз билігін жалпыұлттық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүзеге асыруына байланысты электоралдық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында жасалды.

Меморандумға №17 колледж директоры Ғ. Мырзахметов, Арыс гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Н. Сарманов және Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Маханов қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда

berdaly_oraz

 КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 30-дан астам көшеге асфальт төселді