БҰРЫН ЖОЛДА ЖҮРГЕН, ЕНДІ ЖОЛАУШЫ КҮТЕТІН БОЛДЫ: ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА ПАЙДА БОЛДЫ

Түркістанда жарамсыз болған автобус қаңқасы кәдеге жаратылып, жолаушыларға арналған ерекше аялдамаға айналды.

Қаланың Қызылорда бағытына шығатын аумақта орналасқан жаңа нысан «Жолаушы» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Идеяның негізгі мақсаты – істен шыққан қоғамдық көлікті қоқысқа тастамай, қайта пайдаланып, тұрғындарға қажет нысанға айналдыру.

Кезінде қала көшелерінде жолаушы тасымалдаған автобус енді аялдама ретінде халыққа қызмет көрсетпек.

Мекеме басшысы Рахымжан Еркіновтің айтуынша, ерекше аялдаманы әзірлеу жұмыстарына бір айдан астам уақыт кеткен. Автобус қаңқасы арнайы кесіліп, аялдамаға бейімделген. Кейін сырланып, заманауи талаптарға сай әрленген.

Бұл – жарамсыз техниканы қайта кәдеге жаратудың өзгеше үлгісі. Бір кездері жолаушы тасымалдаған автобус енді жолаушылардың өзіне пана болып отыр.

Түркістандағы бұл бастама қоқысқа айналуы мүмкін дүниеге екінші өмір беріп, қалалық ортаға қажет нысан жасауға болатынын көрсетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Жетісайда су үнемдеу технологияларына басымдық берілген

Белгібаев Ақан Мүсірәліұлы — Ақдала ауылдық округі әкіміне кандидат

Redaktor Arysinfo

«Хайп» қымбатқа түсті: TikTok-та балағат сөз айтқан стримерлер жауапқа тартылды

Redaktor Arysinfo